8 Наурыз 2024 жыл
Әлемдегі ең асыл жан ол-ана десек, жүрегімізде сүйікті жанға деген махаббат сезімі оянады. Көңілге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8 наурыз-халықаралық әйелдер күні келді. Осы мереке қарсаңында СТСО «Нұр Әлім» Балабақша – мектеп-гимназиясында 6 наурыз күні мерекелік іс-шара өтті. Мейірімділік пен сұлулықтың, даналықтың және рухани қуаттылықтың салтанат құрған күні мектеп ару қыздары ерекше құрметке бөленді. Мерекелік кеште нәзік жанды әйел қауымын үлкен қуанышқа бөледі. Айтылған ізгі тілектер мен шырқалған әннің бәрі-бәрі бұл күні асыл ана, аяулы апа-қарындастар тақырыбында болды. Балабақша – мектеп-гимназиясының қызмет көрсету персоналдары Қарой ауылдық округінің әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.
Контакты
ПН - СБ с 9:00 до 17:00


Жамбылская область, Жамбылский район, с.Пригородное, Арай, 19