Қазіргі таңда «Нұр Әлім» балабақша, мектеп гимназиясының директоры, ұлағатты ұстаз, білікті басшы –
Орынбаева Гульсын Рахымжанқызы.
Г.Орынбаева, Жуалы ауданының Құрметті азаматы, 1986-2018 жылдары Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының облыстық комитетінің және Жамбыл облысы бойынша облыстық кәсіподақ кеңесінің төрағасы, 2003, 2007, 2011 жылдарда облыстық мәслихаттың депутаты, 2004-2018 жж. Жамбыл облысы Тәртіптік кеңесінің мүшесі.
2003-2015ж.ж. Гульсын Рахымжанқызы Мәскеу қаласындағы Жалпыға ортақ кәсіподақтар Конфедерациясының Атқару комитетінің, Қазақстан Республикасы кәсіподақтарының Федерациясының ең жоғары алқалы басқару органы болып саналатын Бас Кеңесінің, Жамбыл облысы Тәртіптік Кеңесінің мүшесі, «Нұр Отан» ХДП-ның облыс мәслихаттағы депутаттық фракция төрағасының орынбасары, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын іске асыру барысын сараптау жөніндегі аймақтық жұмысшы топ жетекшісінің орынбасары сайланбалы лауазымдарын қоғамдық бастамада белсенді түрде жүзеге асырды.
Сонымен қатар Гүлсын Рахымжанқызы 2011 жылы елімізде тұңғыш рет өткізілген VІІ қысқы Азия ойындарының Алау эстафетасын жергілікті өңірде алып жүру рәсіміне қатысқан алаугер.
2013-2014 жылғы Мәскеудегі Жалпы кәсіподақтар конфедерациясының бас кеңесінің мүшесі.
Қазіргі уақытта Жамбыл облысы Іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі, Жамбыл облыстық саясаткер әйелдер клубының төрағасы.
Орынбаева Гульсын Рахымжанқызы басқарып отырған білім ордасының басты мақсаты – жан-жақты жетілген, білімді, саналы, еліне, жұртына адал қызмет ете алатын өрелі ұрпақ тәрбиелеу. Сондай-ақ, қашанда көк байрағымызды желбіретер, тәуелсіз еліміздің мәртебесін асқақтатып, мемлекеттік тіліміздің қадір-қасиетін ұғынатын тұлға қалыптастыру болып табылады.