Футбол үйірмесі балалардың командалық жұмыс дағдыларын дамытуға, физикалық шынығуды арттыруға және спорттық рухты нығайтуға арналған.
Жетекшісі: Нұрман Е.Е.
Оқушылар техникалық және тактикалық шеберліктерін жетілдіре отырып, мектепаралық және аудандық жарыстарға қатысу мүмкіндігіне ие болады. Сонымен қатар, балалардың физикалық дамуы мен достық қарым-қатынастарын нығайту мақсатында арнайы ойындар мен жарыстар өткізілуде. Футбол үйірмесі спорттың қызығын сезінуімен қатар, балалардың ынтымақтастық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді. Футбол үйірмесі оқушылардың стратегиялық ойлау қабілеттерін жетілдірумен қатар, командалық бірлікті сезінуіне, өзара көмектесуіне, және ортақ мақсаттарға жетуге ынталандырады, бұл балалардың әлеуметтік ортада белсенді және жауапты азамат болып қалыптасуына ықпал етеді.