Бейнелеу үйірмесі – оқушылардың шығармашылық әлеуетін ашуға, эстетикалық талғамын дамытуға, сондай-ақ, қолөнер мен сурет салу дағдыларын жетілдіруге бағытталған.
Жетекшісі: Махатбекқызы Д.
Балалар түрлі материалдарды (қағаз, мата, ағаш және т.б.) пайдалана отырып, өздерінің шығармашылық идеяларын жүзеге асырады. Оқушылар жыл бойы түрлі көрмелер мен шығармашылық конкурстарға қатысып, өз жұмыстарын көрсету мүмкіндігіне ие болады. Мұндай іс-шаралар балалардың шығармашылыққа деген ынтасын арттырып, өз қолдарымен жасаған заттарына мақтаныш сезімін оятады. Әрбір жұмыс өз алдына бірегей бола отырып, балалардың шығармашылық ойлауын дамытады және оларды өз қабілеттерін бағалауға үйретеді.