Мектеп – бар білімнің бастауы. Мектеп – үлкен өмірге деген алғашқы қадам. Көптің есіне ыстық сағыныш пен жылы естелік ұялататын да осы мекен. Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Сұлутөр ауылы, Қарой ауылдық округі, Арай көшесі, 19 үйде орналасқан «Нұр Әлім» балабақша-мектеп гимназиясының тарихы аса терең болмаса да, мектептің болашаққа деген бағыт - бағдары айқын, мақсаты берік.


Ең алғаш «Нұр Әлім» балабақша-мектеп гимназиясы 2016 жылы 350 бала санына арналып ашылды. 2018 жылы мектеп-гимназия 100 бала санына ашылды. Балабақшада 14 топ, оның ішінде: 10 топ мемлекеттік тілде және 4 топ орыс тілінде тәрбиеленуде.


2022-2023 оқу жылында «Нұр Әлім» мектеп гимназиясы болып балабақшаның қосымша жер аумағынан 250 орынға арналған жаңа мектеп ғимараты бой көтеріп, қазіргі таңда бұл мектеп ғимаратында 588 білім алушы білім алып жатыр. Жаңа мектепте жалпы 28 сынып жиынтығы бар. Мектеп 3 қабаттан тұрады. Сынып бөлмелері және мектептегі фойе қазіргі заман талабына сай жабдықталған. Мектеп кітапханасында оқушыларымыз өздеріне қажетті, ұнаған кітаптарын оқуына жақсы жағдай жасалған. Бастауыш сыныптардың барлығына арнайы кілемшелер берілген, онда сынып оқушылары бос уақыттарында өздеріне ұнаған істерімен айналысуларына зор мүмкіндік жасалған. Сынып бөлмелерімен қатар, ұлттық нақышта жасақталған арнайы қазақы бөлме де бар. Ол бөлмені жабдықтаудағы негізгі мақсатымыз, қазақ халқының дәстүрлі мәдениетінің түп тамыры өте тереңде жатыр. Сондықтан да, қазақ мәдениетінің қалыптасып дамыған аймағы осы ұлттың бүгінгі мекені, соның төңірегі. Мұндағы ою-өрнектер қазақтың ұлттық қол өнерлерінің бірі. Осы бөлмеге келіп оқушылар сабақтан кейін демалуына зор мүмкіндік бар. Алдағы уақытта заман талабына сай жабдықталған пән кабинеттерінің санын арттыру жоспарлануда.


Мектеп пен балабақша білім алушылары төрт мезгіл ас ішеді: таңғы ас, екінші таңғы ас, түскі ас, түстен кейінгі тағамдар және кешкі ас. Мәзір маусымдық тағамдар мен рецепттерді ескере отырып, диетологтармен бірге әзірленеді. Сонымен қатар барлық қызметкерлер де мектептің асханасынан 4 мезгіл тегін тамақпен қамтамасыз етіледі.Балабақша мен мектептің барлық бөлмелеріне бейнебақылау жүйесімен, дабыл және күзет дабылдары орнатылған. Балабақша мен мектеп аумағын күзетуді «XAN Security» ЖШС күзет агенттігі 24/7 жүзеге асырады. Күні бойы ата-аналар онлайн режимнің арқасында балаларын бақылай алады. Оқушылар мен балабақша тәрбиеленушілерінің серуендері өздерінің қоршалған аумақтарында жүзеге асырылады. Олардың серуендеп демалуына арналған әрбір алаң SanPin стандарттарына сәйкес жабдықтармен жабдықталған.

Мектебімізде интеллектуалды ойындар жиі ұйымдастырылады. Бұл ойындар оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, білімге деген қызығушылығын арттырады. Әр ойын түрлі тақырыптар мен салаларға арналады, сондықтан әр оқушы өз қызығушылығына сай ойын таба алады. Ойындардың көбісі командалық түрде өтеді, бұл оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасын нығайтады. Сонымен қатар, интеллектуалды ойындар зейін, логикалық ойлау, жылдамдық сияқты қасиеттерді дамытуға көмектеседі. Мұндай ойындар мектеп өмірінің ажырамас бөлігіне айналған. Оқушылар ойын барысында бір-бірімен бәсекелесіп, жеңіске жету үшін барын салады. Интеллектуалды ойындарда белсенді қатысу оқушыларды өз мүмкіндіктерін сынауға және жаңа білімдер алуға итермелейді. Бұл ойындар жеңіл әрі қызықты болумен қатар, оқу процесін көңілді әрі өнімді етіп жасайды.