Мектебім-мейірім мекені!
2-қыркүйек білім күні «Мектебім-мейірім мекені! тақырыбында салтанатты жиын өткізілді. Салтанатты жиынның негізгі мақсаты: жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында білім алушылардың оқуға құштарлығын ояту, білім алуға жағымды көңілкүй мен оң көзқарас қалыптастыру. Міндеттері: - қатысушыларды өткен оқу жылының жетістіктерінен хабардар ету; - білім алушылардың бойында оқуға құштарлық пен білім алуға деген ұмтылысын қалыптастыру; - білім алушылардың бойына отаншылдық, құрмет және азаматтық сана құндылықтарын дарыту; - өзара құрмет пен түсіністікке негізделген мектеп мәдениетін қалыптастыру.