“Сабақты бақылау және сындарлы кері байланыс ұсыну жолдары”
📚2024 жылдың 26 сәуір күні СТСО “Нұр Әлім” балабақша-мектеп гимназиясында “Сабақты бақылау және сындарлы кері байланыс ұсыну жолдары” тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті.

📖Семинардың басында көрермендер халықаралық байқаулардың жеңімпаздары деп танылған дарынды оқушыларымыздың өнерлеріне таң қалып концерттік бағдарламаны тамашалады.

🖇️Іс-шараның теориялық бөлімінде педагогтердің оқыту сапасын арттыруда сабақты зерттеу үдерісінің тиімділігі мен муғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру
жолдары бойынша баяндамалар ұсынылса,
практикалық бөлімінде ашық сабақтар үлгілері мен фокус топтарының отырыстары көрсетілді. Семинар қатысушылары саналы, жүйелі, ішкі және сыртқы, жалпы және іріктелген бақылау түрлерімен танысты.

Контакты
ПН - СБ с 9:00 до 17:00


Жамбылская область, Жамбылский район, с.Пригородное, Арай, 19