«Есіңе мені алғайсың...»
Еліміз тәуелсіздігіне, халқы¬мыздың рухани дүниесіне қызмет еткен тұлғалардың қайсысын болса да насихаттап, айтып отырмаса, жас ұрпақ одан хабарсыз қалары сөзсіз. Осы орйда Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Есіңе мені алғайсың...» атты әдеби-сазды еске алу кеші өтті.
Кештіңмақсаты-кемеңгер тұлғалардың шығармашлық мұрасының ортақ рухани үндестігін халыққа паш ету, оушылар арсында әндері мен проэзиясын насихаттау. Көрерменді таңдандырған, әсерлі қойылымда мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының ішкі сыры мен мән-мағынасын оқушылар санасына жеткізу.
Бұл кешке қатысушылардың барлығы жоғары деңгейде дайындалған. Мұқағалидің өмірінен бейнебаян көрсетілді. Оқыған өлеңдері жүректі тербеп, сол оқиға көз алдында болғандай сезімде болады. Қойған көрністері шынайы болғаны соншалық көзіне жас келтіреді.
«Мұқағали - ғұмырының соңына дейін шығармашылықтан алыстамай, қолынан қаламы түспей, қазақтың қара өлеңінің құдіреті мен сырына молынан қаныққан ақын. Өлең киесінің мәні мен мағынасына терең бойлап, сөз маржанын келісті кестелей білген Мақатаев мұралары қазақ әдебиетіне қосылған баға жетпес туындылар. «Туады, туады әлі нағыз ақын, Нағыз ақын бал мен у тамызатын. Жесірдің айырылмас сырласы боп, Жендеттің көзінен жас ағызатын», - деп жырлаған Мұқағали өзі де қазақтың қара өлеңінің Хантәңіріне айналып отыр бүгіндеф