Күз ханшайымы
«Нұр Әлім» мектеп-гимназиясында 5-6 сыныптар арасында “Күз ханшайымы” байқауы өтті. Іс-шара үш кезеңнен тұрды:
1. Таныстыру
2. Шығармашылық кезең
3. Дефиле
Мектеп-гимназия оқушылары кешке барынша дайындалып, өз өнерлерін көрсете білді. “Жүйріктен жүйрік озар”, - демекші, бұл байқауда да өз жеңімпаздары болды:
Максад Камила- 1 орын алып “Күз ханшайымы” атағына ие болды;
Сражатдин Жасмин- 2 орын;
Ахметбекова Баян- 3 орын.
Барлық қатысушыларды құттықтап, әсерлі кеш үшін алғысымызды білдіреміз!