Ұстаздар күні
Ұстаз болу-жүректің батырлығы,
Ұстаз болу-сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу-мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы…
Ұстаздық-ұлы құрмет. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін да, кеншісін да ұстаз өсіреді. Өмірге ұрпақ берген аналарды қалай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да солай ардақтауға міндеттіміз.
Мектеп-гимназиямыздың ұстаздар қауымын керемет мерекемен құттықтап, күні бойы мерекелік көңіл-күй сыйладық. Құрметті, Нұр-Әлім мектеп-гимназиясының ұстаздар қауымы, осынау ауыртпашылығы мен жауапкершілігі мол кәсіпті атқарып жүргендерінізге көп рақмет айтамыз! Сіздерді мерейлі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отыра, мықты денсаулық, шығармашылық табыс, ізгі махаббат пен мейірім тілейміз!