Білім күні
Білім күні мерекесінде, барлық мектеп қабырғаларында алғашқы қоңырау соғылды.
Осындай іс-шаралардың бірі іргелі мектептердің бірі “Нұр-Әлім” мектеп-гимназиясында өтті.
Білім күні мерекесінің әрбір адам өмірінде алар орны ерекше. Әсіресе, мектеп табалдырығын алғаш аттайтын балғындардың жүрегінде бұл күн мәңгіге сақталады. Бүлдіршіндер үшін бұл сәулелі сәт қана емес, сонымен қатар жарқын болашағына жасайтын маңызды қадам.
Салтанатты шарада алғашқы қоңырау соғу рәсімі өткізіліп, концерттік бағдарламаға ұласты. Білім алушылар ұстаздар қауымына, алтын ұя – мектептеріне арналған әсем әндерді әуелете шырқап, көрермен қауымның көңілін бір серпілтіп тастады. Бастауыш сыныптарда «Мектебім - мейірім мекені!» тақырыбында, жоғары сыныптарда «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық» атты тәрбие сағаттары өткізілді.
Оқушыларға күш-жігер, шабыт пен табындылық тілейміз. Жаңа оқу жылы жеңісті де жемісті болсын! Жаңа оқу жылы құтты болсын!

Контакты
ПН - СБ с 9:00 до 17:00


Жамбылская область, Жамбылский район, с.Пригородное, Арай, 19