1-тоқсанның қорытындысы
Мектепте 1-тоқсанның қорытындысы бойынша салтанатты жиын өтті. Жиын барысында үздік оқушылар мен белсенділердің еңбектері атап өтіліп, олар марапатталды. Оқуда жоғары жетістіктерге жеткен оқушыларға мақтау қағаздары табысталды, сондай-ақ түрлі сайыстар мен іс-шараларда белсенділік танытқан оқушыларға да арнайы алғыс хаттар берілді. Марапаттау рәсімі балаларға үлкен шабыт беріп, олардың алдағы уақытта да табысты болуға деген ынтасын арттырды.