Менің Отаным Қазақстан
Апта сайын мақал-мәтелдер мен ұлағатты сөздер ақпараттық стендтерде, Led-экрандарда, сынып тақталарында орналастырылды. Тәрбие ісінің орынбасары, оқу ісінің орынбасары, кітапханашы және пән мұғалімдері дәйексөздерді оқу және оқудан тыс іс-әрекеттің лейтмотиві ретінде пайдаланды. Оқушылар бұл дәйексөздер арқылы халқымыздың даналығын танып, өздеріне үлгі алды.
Оқушыларға патриоттық тәрбие берудің бастапқы қадамы-ол оқушылардың мемлекеттік рәміздерге деген құрмет сезімін ояту болып табылады. Әр елдің тәуелсіз ел, мемлекет екенін білдіретін ең басты үш белгісі бар. Олар: Әнұран, Елтаңба және Туы. Осы мақсатта мектеп-гимназиямызда әр дүйсенбі күні мектеп ұстаздары мен оқушыларының қатысуымен мемлекеттік Әнұран орындалады.