25 қазан Қазақстан Республикасы
25 қазан Қазақстан Республикасы күніне орай сыныптарда тәрбие сағаты өткізілді. Бұл іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың патриоттық сезімдерін дамыту, Қазақстанның тәуелсіздігі мен егемендігіне деген құрметті арттыру болды.
Сабақ барысында оқушыларға еліміздің тарихы, мемлекеттің қалыптасу кезеңдері, сондай-ақ Тәуелсіздікке қол жеткізудегі маңызды оқиғалар мен тұлғалар туралы айтылды. Оқушылар бұл сабақтан Қазақстанның ұлттық құндылықтары мен мемлекеттің дамуына қосқан үлесін түсініп, рухани байыды. Мұндай іс-шаралар жастардың рухани-адамгершілік тәрбиесіне, отанына деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімдерін оятуға ықпал етеді.