Қоғамға қызмет ету
Әр аптаның дүйсенбі күндері мектепте тәрбие сағаттары жоспар бойынша жүйелі түрде өткізіліп келеді. Бұл сағаттардың басты мақсаты – оқушыларды жан-жақты тәрбиелеу, олардың моральдық және рухани дамуына ықпал ету, сондай-ақ маңызды әлеуметтік және қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыру.
Әр тәрбие сағаты 10 минуттық қауіпсіздік сабағынан басталады, онда оқушыларға цифрлық әлемде қауіпсіздік шаралары үйретіледі. "Цифрлық әлемге қауіпсіз қадам" тақырыбы аясында балаларға интернетте өздерін дұрыс ұстау, жеке мәліметтерін қорғау, қауіпсіздікке мән беру секілді маңызды ақпараттар берілді. Бұл балалардың заманауи технологиялармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауға көмектеседі.
Сонымен қатар, "Қоғамға қызмет ету" секілді әлеуметтік маңызы бар тақырыптар да қамтылды. Бұл сабақтар арқылы оқушыларға қоғамның бір бөлігі ретінде өз міндеттері мен жауапкершіліктерін сезініп, азаматтық ұстанымдарын қалыптастыруға бағытталған ақпараттар ұсынылды. Оқушылардың бойында қоғамға деген жауапкершілікті арттырып, бір-біріне көмектесу, жақсылық жасау сияқты адами құндылықтарды дамытуға ерекше мән берілді. Жалпы, бұл тәрбие сағаттары оқушылардың зияткерлік және тұлғалық дамуына оң әсерін тигізіп, олардың қауіпсіздік пен қоғам алдындағы жауапкершіліктерін түсінуіне ықпал етеді.
Контакты
ПН - СБ с 9:00 до 17:00


Жамбылская область, Жамбылский район, с.Пригородное, Арай, 19