Біртұтас тәрбие
Оқу-ағарту министрлігі 5 қазан Ұстаздар күніне орай «Даналық ұстаздан» челленджін жариялайды. Бұл шара педагогтерге құрмет пен алғыс білдіруге, сондай-ақ «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында өскелең ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған. Ұстаз тек білім беруші ғана емес, сонымен қатар қоғамда еңбекқорлық, жауапкершілік, мейірімділік, адалдық және тәрбиелілік сынды қасиеттерді қалыптастыратын көшбасшылықтың үлгісі. «Даналық ұстаздан» челленджі педагогтердің ұрпаққа сіңірген еңбегіне ризашылығымыз бен құрметімізді көрсетеді. Челлендж барысында оқушылар мен мұғалімдер өздерінің ұстаздарынан алған даналық сөздер мен үлгілі тәлімдерін бейнеформатта дайындап, Instagram желісіне жариялады. Шараның мақсаты – ұстаздардың білім беру жолындағы еңбегін бағалау және олардан алынған ақыл-кеңестерді насихаттау болды. Нәтижесінде, челлендж оқушылар мен мұғалімдер арасында ынтымақтастықты арттырып, ұстаздардың даналығына құрмет көрсетілді. Жарияланған видеолар мектеп қауымдастығында үлкен қызығушылық тудырды.