Отбасы – тәрбиенің алтын бесігі
2024 жылдың 25 қыркүйегінде 1-5 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған «Отбасы – тәрбиенің алтын бесігі» тақырыбында челлендж өткізілді. Челлендж мақсаты – отбасы мен мектеп арасындағы байланысты нығайту, ата-аналарды балаларымен бірге белсенділік көрсетуге шақыру болды. Ата-аналар өз балаларына қолдау көрсетіп, түрлі шығармашылық жұмыстар мен жобаларды ұсынды. Нәтижесінде, челлендж қатысушыларының ынтымақтастығы артты, ал балалардың отбасы туралы түсінігі кеңейіп, тәрбиелік мәні жоғары жұмыстар жүзеге асты. Шара мектептің әлеуметтік желілерінде жарияланып, кең қолдауға ие болды.