Мектебімізде мұғалімдер арасында «Ақылдылар айқасы» атты интеллектуалды ойыны өтті. Бұл ойында екі команда жарысып, логикалық сұрақтарға жауап берді. Ойын барысында мұғалімдер өз білімдерін, логикалық ойлау қабілеттерін сынап, қызықты тапсырмаларды шешуге тырысты. Шараны директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жұмағұлова Ә.М. және педагог-психолог Далиева Г.О. ұйымдастырып, жоғары деңгейде өткізді. Интеллектуалды ойынның нәтижесінде қатысушылар өзара тәжірибе бөлісіп, ақыл-ойды дамытуға бағытталған жаңа тәсілдермен танысты.