Мектебімізде Досбоlike акциясы өткізілді. Оқушылар бұл шара барысында түрлі түсті ленталарды достарына тағу арқылы достық қарым-қатынасын нығайтып, бір-біріне деген қамқорлық пен құрметті арттырды. Акция аясында достық пен ынтымақтастықты дәріптейтін түрлі ойындар ұйымдастырылды. Оқушылар ойындар арқылы бір-бірімен жақсы танысып, өзара байланыс орнатты. Бұл шара мектепте жылы және достық атмосфераны қалыптастырып, оқушылардың рухани бірлігін нығайтты.