Мектебімізде оқушылар үшін «Көңілді үзіліс» атты қызықты шара ұйымдастырылды. Бұл іс-шараны директордың тәрбие орынбасары мен мектеп психологы өткізді. Олар оқушыларға жағымды атмосферада демалуға, көңіл-күйін көтеруге арналған түрлі ойындар мен тапсырмалар ұсынды. Шара барысында балалар бірге ойын ойнап, бір-бірімен жақсы қарым-қатынас орнатып, ұжымдық рухты нығайтты. «Көңілді үзіліс» оқушыларға тек демалып қана қоймай, олардың психоэмоционалды жағдайын жақсартуға да үлкен септігін тигізді.