Мектебімізде 5-сыныпта математика пәнінен Шахзадаев М.К. өткізген ашық сабақ жоғары деңгейде өтті. Сабақ барысында оқушылар жаңа тақырыпты түсініп, математикалық есептер мен тапсырмаларды қызығушылықпен орындады. Мұғалім әртүрлі интерактивті әдістер мен практикалық тапсырмаларды пайдалана отырып, оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға бағытталды. Оқушылар белсенді түрде сұрақтар қойып, топпен жұмыс істеп, математика әлеміне тереңірек үңілді. Ашық сабақ нәтижесінде балалар өздерінің білімдерін көрсетіп, жақсы нәтижелерге қол жеткізді.