Мектебімізде орыс тілі пәнінен «Чему учат в школе» тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өтті. Бұл шарада оқушылар өздерінің білімдері мен өнерлерін ортаға салып, қызықты тапсырмаларды орындады. Олар мектептегі оқу процесінің маңыздылығын, әр пәннің өмірде қандай рөл атқаратынын түсініп, өз ойларын шығармашылықпен жеткізді. Оқушылар өлеңдер оқып, көрініс қойып, тақырыпқа қатысты түрлі шығармашылық жұмыстарды орындады. Іс-шара барысында балалардың өнері мен білімдері көрермендер тарапынан жоғары бағаланып, іс-шара өз дәрежесінде ұйымдастырылды.