Мектебімізде ағылшын тілінен Есенкулова Г.А. өткізген ашық сабақ жоғары деңгейде өтті. Сабақ барысында оқушылар ағылшын тілін игерудегі дағдыларын көрсетіп, қызықты тапсырмаларды орындады. Мұғалім оқушыларды шығармашылыққа баулып, пәнге деген қызығушылықтарын арттырды. Сабақта интерактивті әдістер қолданылып, оқушылардың сөздік қорлары мен сөйлеу дағдылары белсенді түрде дамытылды. Ашық сабақтың қорытындысы бойынша оқушылар білімдерін жоғары деңгейде көрсетіп, жақсы нәтижелерге қол жеткізді.