Мектебімізде пәндер айлығының салтанатты ашылуы өтті. Шара барысында оқушылар өз өнерлерін ортаға салып, білімдеріне сайысқа түсті. Әр пән бойынша қызықты және танымды іс-шаралар ұйымдастырылып, оқушылар шығармашылық қабілеттерін, зияткерлік деңгейін көрсетті. Бұл айлық барысында түрлі пәндер бойынша викториналар, байқаулар және көрмелер өткізілді, олар оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттырып, өзара достық пен ынтымақтастықты нығайтты. Мұғалімдер мен оқушылар бірлесіп, айлықтың жоғары деңгейде өтуіне үлес қосты.