Қысқы демалыс уақытында мектепте мұғалімдер арасында спорттық жарыс ұйымдастырылды. Жарыс барысында баскетбол, волейбол және эстафеталық ойындар өткізіліп, қатысушылар қызықты да тартысты бәсекелер көрсетті. Бұл шараның мақсаты – мұғалімдердің денсаулығын нығайту, ұжымдық рухты арттыру және дене шынықтыруды насихаттау болды. Дене шынықтыру пәні мұғалімдері жарыстың жоғары деңгейде өтуіне атсалысып, барлық қатысушыларға қолдау көрсетіп, ұйымдастыру жұмыстарын жақсы деңгейде орындады. Жарыс соңында жеңімпаздар марапатталды.