Қысқы демалыс кезеңінде мектеп гимназиясының мұғалімдері өздерінің кәсіби тәжірибелерімен бөлісіп, бірнеше семинарлар өткізді. Семинарлар педагогикалық жаңалықтар мен өзекті мәселелерді талқылауға арналды. Сыдығалы Д.Р. "Современные цифровые тренды в образовании" тақырыбында дәріс оқып, цифрлық білім беру әдістерінің маңызды аспектілерін қарастырды. Смаилова К.Д. "Дұрыс мақсат қою-табысты сабақ кепілі" тақырыбында педагогикадағы мақсат қоюдың рөлін атап өтті. Сармантаева А.М. "Кітап оқуды трендке айналдыру" семинарында оқушыларды кітап оқуға ынталандыру әдістерін ұсынды. Ал Далиева Г.О. "Эмоционалды интеллект" тақырыбында эмоцияларды дұрыс басқару және педагогикалық қарым-қатынаста эмоционалды интеллектіні дамыту қажеттілігін айтты.