Ж. Үшкемпіров атындағы "Тараз Арена" ШЖҚ КМК ұйымдастыруымен өткен дзюдодан кіші жасөспірімдер арасында Тараз қаласының ашық біріншілігінде 42 салмақ дәрежесінде 2 орын алған Таңатар Ақжүрек мектептің мақтанышы болып табылады. Бұл жетістік Ақжүректің спорттағы табандылығы мен еңбегінің нәтижесі екені сөзсіз. Жарыста ол өз қарсыластарынан басым түсіп, нағыз жігер мен қажыр-қайраттың үлгісін көрсетті.
Ақжүректің бұл жеңісі тек оның жеке жетістігі ғана емес, сонымен қатар мектебіміздің спорт саласындағы жетістігін паш етті. Біз Таңатар Ақжүректі құттықтай отырып, оған алдағы уақытта да үлкен жеңістер мен жаңа биіктерді бағындыруды тілейміз!