2024 жылғы 20 желтоқсан күні Аса ауылындағы тарихи-өлкетану музейінде «Жетістік - арманға жетелейді!» атты аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлының дарынды да талантты оқушыларымен кездесуі өтті. Шара барысында аудан әкімі үздік оқушыларды марапаттап, олардың жетістіктерін жоғары бағалады. Бұл кездесуге 3-Д сыныбының оқушысы Бахыт Кәусар да қатысып, өзінің оқу мен шығармашылық жетістіктерін көрсетіп, әкімнің арнайы алғыс хаты мен сыйлықтарын алды.
Кездесу өте әсерлі әрі маңызды өтті, себебі бұл шара жас дарындарға қолдау көрсету мен олардың болашаққа деген сенімін арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Бахыт Кәусардың марапатталуы мектеп үшін де үлкен мақтаныш болып, оқушылардың алдағы уақытта одан да жоғары жетістіктерге жетуге деген ынтасын арттырады.