2024 жылғы 9 желтоқсан күні Нұр Әлім мектеп-гимназиясында ата-аналар үшін ерекше шара ұйымдастырылды. «Білімді ұрпақ – ел болашағы» тақырыбында өткізілген семинар-тренингтің басты мақсаты – ата-аналарға баланың білім алу процесіндегі рөлі мен оның болашақта ел дамуына қосар үлесі жайлы түсінік беру. Бұл шараны мектеп ұжымы атынан директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жұмағұлова Ә.М. мен педегог-психолог Далиева Г.О. жетекшілігімен өткізді.
Семинар-тренинг барысында ата-аналар үшін түрлі интеллектуалды ойындар ұйымдастырылды. Ойындардың әрқайсысы баланың танымдық қабілеттерін дамыту, логикалық ойлауын жетілдіру, сондай-ақ ұжымдық жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған еді. Ата-аналар осы ойындар арқылы өз балаларын білімді әрі тәрбиелі етіп өсірудің жолдарын, олардың шығармашылық және ақыл-ой қабілеттерін қалай дамыту қажеттігін талқылады.
Интеллектуалды ойындардың ішінде шешім қабылдау қабілетін арттыруға арналған тапсырмалар, логикалық есептер, командалық тапсырмалар мен шығармашылық ойлау арқылы баланың білімге деген құштарлығын қалай ояту керектігі туралы практикалық кеңестер ұсынылды. Ата-аналар ойын барысында балалардың оқудағы жетістіктеріне, олардың өмірге деген көзқарасы мен жеке тұлғалық дамуына тікелей әсер ететін педагогикалық тәсілдерді меңгерді. Сонымен қатар, тренинг барысында білім беру мен тәрбиелеу саласындағы жаңа әдіс-тәсілдермен танысты.
Бұл семинардың маңызды аспектісі – ата-аналар мен мектеп арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Ата-аналар өз балаларымен тиімді қарым-қатынас орнатып, олардың оқу процесіне белсенді қатысу арқылы білімді ұрпақ тәрбиелеуге мүмкіндік алады. Ойындар мен тренингтер барысында алынған білім мен дағдылар, әр ата-ананың өз баласының болашақ жетістіктеріне септігін тигізеді.
Семинар-тренинг ата-аналар арасында үлкен қызығушылық туғызып, олардың белсенді қатысуына әкелді. Барлық қатысушылар ойындар мен талқылаулар барысында өз ойларын ашық айтып, жаңа ақпараттар мен әдістерді үйренуге деген ынталарын көрсетті. Ата-аналар тренингтің мақсаты мен мазмұнына оң көзқарас білдіріп, балаларының білім алу процесіне және дамуына қалай әсер ете алатындықтарын түсініп, бұл іс-шараның маңыздылығын жоғары бағалады. Олар ойындар арқылы баланың тұлғалық дамуын арттыруға көмектесетін тәсілдер мен әдістерді меңгеріп, өз білімдерін тереңдетті. Бұл семинар ата-аналардың педагогикалық көзқарастарын кеңейтіп, оларды мектеппен бірге жұмыс істей отырып, балаларының болашағына ықпал етуге ынталандырды.
Қорыта келе, бұл семинар-тренинг ата-аналарға баланың білімге деген қызығушылығын арттыруға және оның жан-жақты дамуына үлес қосуға мүмкіндік берген маңызды іс-шара болды.