Мектебімізде 2 сыныптар арасында «Берекелі Алтын Күз» көрмесі өтті. Бұл шара балаларға күз мезгілінің әсемдігін, табиғаттың байлығын көрсету мақсатында ұйымдастырылды. Көрмеге әр сынып өздерінің шығармашылық туындыларын, күзгі өнімдер мен табиғаттың түрлі сыйларын ұсынды. Кішкентай дарындарымыз күзгі тақырыпта қолөнер жұмыстарын жасап, әсем гүлдер мен түрлі жемістерді сәндеп, көрмеге тамаша атмосфера сыйлады. Барлық жұмыстар жоғары бағаланып, оқушыларымыздың шығармашылық қабілеттері одан әрі дамытылды.