Семинар-тренинг: «Жарқын болашақ иесі – бүгінгі жас маман»
Педагог-психолог Г.О. Далиеваның ұйымдастыруымен жас мамандарға арналған семинар-тренинг өткізілді. Мақсаты:Жас мамандарға көмек көрсету және ұжымда психологиялық ахуал қалыптастыру, кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіріп көңіл күйін көтеру. Мерзімі: қазан, 2024ж. Құрал-жабдықтар: интерактивті панель, слайд, ойын материалдары. Қатысушылар: жас мамандар
Тренинг барысы:
«Презентация» жаттығуы. Мақсаты: қатысушылардың бір-бірімен қарым-қатынас жасаудағы кедергілерді жою және біріктіру. Сенімділік және құрметтілік атмосферасын құру.
Кокология. Психологиялық тест. «Кофехана». Кокология –жапондық психологиялық тесттер түріндегі ойын, олар адамға өзі туралы және өзінің ішкі жан дүниесін түсінуге мүмкіндік береді.
«Сенімділік» жаттығуы. Мақсаты: ұстаздардың сенім білдіре алу және тәуекел өте алу қасиеттін бақылау арттыру.
«Барлығымыз бірге». Мақсаты: қатысушыларды бірлесе отырып, ортақ мақсатта әрекет етуге, бірі-біріне қолдау көрсетуге бағдарлау.
Тренинг нәтижесінде жас мамандар ұжым туралы көзқарсын кеңейтуге, өзара жайлы қарым-қатынас құруға, педагогикалық қызметке құлшынысы арттыруға мүмкіндік алды. Берілген ойын-жаттығуларына белсене қатысып, жігерленіп, көңіл-күйін жағымды қалыпқа өзгертуге мүмкіндік алды.