ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ (ақпараттық сессия)
Мектеп психологы Г.О. Далиева сынып жетекшілерге арналған ақпараттық сессия ұйымдастырды.
Мақсаты: қатысушылардың психикалық денсаулық туралытүсінігін кеңейту, пайдалы жаттығуларымен бөлісу, жағымды күйді арттыру.
Қатысушылар: сынып жетекшілері.
Мерзімі: қараша, 2024ж.
Құрал-жабдықтар: интерактивті панель, слайд, ойын материалдары, брашура.
1. Сәлемдесу «Жапон әліппесі» жаттығуы. Мақсаты: қатысушылармен танысуды көңілді өткізу.
2. «Автопортрет» жаттығуы. Мақсаты: өзара жағымды қарым-қатынасты арттыру, ұжымдасы туралы тың ақпарат білу.
3. Баяндама «Психикалық денсаулық маңызы»
4. Экспересс-тест «Суреттен нені бірінші көрдің?». Мақсаты: қатысушылардың ішкі қажеттілктерін тануға, жеке ерекшеліктерін білуге бағдарлану.
5. «Тірі дәліз» жаттығуы. Мақсаты: қатысушылар арасында жағымды көңіл-күйді арттыру, сыйластық пен қатысушылар туралы көзқарасты кеңейту.
6. «Ортақ мақсат» ойын жаттығуы. Мақсаты: қатысушыларды бірлесе отырып, ортақ мақсатта әрекет етуге, бірі-біріне
қолдау көрсетуге бағдарлау.
7. Қорытынды. «Мен түйген ой...». Мақсаты: әр қатысушының жеке пікірін тыңдау, ұсыныстарын ескеру.
Профилактика жұмысы нәтижесінде педагогтар психикалық денсаулық туралы танымы кеңейіп, өзін-өзі реттеу әдістерін алды. Жағымды қарым-қатынасты арттыруға бағытталған жаттығуларға педагогтар белсене қатысып, жағымды психологиялық ахуал қалыптастрылды. Профилактика жұмыс соңында қатысушылар үшін брашура ұсынылды.