3 "Д" сынып оқушысы Рәтбекұлы Шамси, Халықаралық көпжанрлы байқауда аспапта орындау номинациясы бойынша Бас жүлдені жеңіп алды. Бұл жеңіс оның өнерге деген ерекше таланты мен табандылығының жемісі болды. Домбыра үйірмесінде алған білімі мен шеберлігі оның шығармашылық қабілетін ашып, үлкен жетістіктерге жетуіне ықпал етті. Осы байқаудағы жеңісі үшін Шамси Ташкент қаласында өтетін келесі халықаралық байқауға жолдама ұтып алды.

Бұл жетістік тек оқушының ғана емес, оны дайындаған ұстаздың да еңбегінің нәтижесі. Домбыра үйірмесінің жетекшісі Амангелдиева Мөлдір Ақылбекқызы оқушының өнер жолында биіктерді бағындыруына зор қолдау көрсетті. Шамси мен оның ұстазына жаңа жеңістер мен шығармашылық табыстар тілейміз!