3-сынып оқушылары үшін психолог пен тәрбие орынбасары семинар-тренинг өткізді. Семинардың тақырыбы "Жеке шекара мен буллинг" болды. Оқушыларға жеке шекараның маңызы мен оны құрметтеу қажеттілігі түсіндірілді. Сонымен қатар, буллингтің алдын алу, оның белгілері мен зардаптары туралы айтылды. Тренинг барысында балалар өз эмоцияларымен бөлісіп, өзара құрмет пен түсіністік қалыптастырудың жолдарын қарастырды. Оқушылар буллингтің зиянды әсерлері мен оған қалай қарсы тұру керек екенін үйренді. Шараның мақсаты – балаларды өз құқықтарын қорғауға және бір-біріне құрмет көрсетуге тәрбиелеу болды.