6 қараша күні 1-7 сынып оқушылары планетарийге саяхат жасады. Балалар ғарыш әлемінің таңғажайып сырларымен танысып, қызықты деректер естіді. Планетарийдегі әсерлі көрсетілімдер мен анимациялар оқушыларды ғаламшарлар мен жұлдыздар әлеміне жетеледі. Олар күн жүйесінің құрылымы, планеталардың қозғалысы және ғарыш құпиялары туралы тың мәліметтер алды. Көрсетілімдер балалардың қызығушылығын арттырып, көптеген сұрақ туғызды. Шара соңында оқушылар алған әсерлерімен бөлісіп, ғарыш тақырыбына деген қызығушылықтарын арттырды. Бұл саяхат балалардың білім көкжиегін кеңейтіп, ұмытылмас әсер қалдырды.