13 қараша күні 3-сыныптар арасында "Күз аруы" байқауы өткізілді. Байқау үш турдан тұрды: таныстыру, өнер көрсету және дефиле. Алғашқы турда қатысушылар өздерін ерекше әрі креативті түрде таныстырып, көрермендердің ықыласына бөленді. Екінші кезеңде әр бала өзінің өнерін паш етіп, ән айтып, би билеп немесе өлең оқып, шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Соңғы турда қатысушылар күз тақырыбына сай өз қолдарымен жасаған көйлектерін киіп, дефиле өткізді. Әр қатысушының ерекше идеялары мен таланты көрермендерді тәнті етті. Байқау оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға және күздің сұлулығын сезінуге тамаша мүмкіндік сыйлады.12:04