Мектебімізде Республика күніне арналған “Республикам мақтанышым” тақырыбында концерт өтті. Іс-шара барысында оқушылар патриоттық әндер шырқап, жүрек тебірентер өлеңдер оқыды. Би топтары тамаша қойылымдарымен көпшілікті таңдандырды. Шығармашылық нөмірлер елге деген сүйіспеншілік пен бірліктің жарқын көрінісіне айналды. Балалардың өнері көрермендердің көңілінен шығып, ерекше әсер қалдырды. Мұндай мерекелік шаралар ұлттық құндылықтарды дәріптеп, жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік рухын сіңіреді.